Павлодарлық конькишілер Италияда жеңіс тұғырынан көрінді

Павлодарлық конькишілер Италияда жеңіс тұғырынан көрінді
Фото: @margulan_university

Олар командалық есеп бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

1-2 ақпан аралығында Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының үшінші кезеңі өтті. Бұл жарысқа Марғұлан университеті «Дене тәрбиесі және спорт» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері Арина Ильященко мен Алена Лифатова қатысты.

– Біздің спортшылар жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Командалық спринтте бірінші орынды жеңіп алды, ал Арина Ильященко 1000 метр қашықтықта мәре сызығын үшінші болып кесті. Жалпы командалық есепте құрамында Ильященко мен Лифатова бар команда екінші орынды иеленді, – деді университеттің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының астаналық спортшысы Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды.