Павлодарлық мұғалімдер заманауи білімді қалай алады?
Оларға АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен арнайы жоба ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Аталмыш тегін білім беру тренингі 3D-модельдеу және робототехника бойынша STEM мұғалімдеріне арналған. Сондай-ақ, іс-шара Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында өтті.
200 мектеп мұғалімі бір апталық қарқындылықтан өтті. Бұдан бөлек, олар үшін 3D модельдеу және робототехника негіздері оқытылды. Жоба аясында сенсорларды қосуға және жобаларды құрып, жүзеге асыру үшін Autodesk 123d design бағдарламасын пайдалануға үйретті.
– Менторлық пен тренингті информатика, робототехника және 3D-модельдеу саласындағы сарапшылар, оның ішінде мұғалімдер, университет оқытушылары және робототехника клубтарының басшылары жүргізді, – деп атап өтті «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Қарқұлова.
Айта кетейік, іс-шараның финалдық турнирында қатысушылардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Мұғалімдер оқушылармен бірге командалар құрып, жобаларын ұсынды.