Баянауыл ауданындағы өртпен күрес әлі де жалғасуда
Тілсіз жау екі күн бұрын, 14 шілде күні сағат 23:10-да оқшауланған болатын, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 820 гектарды құрайды. Оның 20 гектары Долбинское орман шаруашылығының аумағы; дала, орман бөліктері.
- Баянауыл ұлттық паркінің аумағын екі көлікпен 10 адам күзетте тұр, - деп толықтырды департамент.
Еске сала кетейік, Баянауыл ұлттық паркінде шыққан өртті ауыздықтауға жүзден астам адам жұмылдырылған болатын.