Павлодарда жануарлар дүкенінен өрт шықты

Павлодарда жануарлар дүкенінен өрт шықты
Фото ашық дереккөзден

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- 1 тамыз күні сағат 14:45-те «Живой мир» дүкенінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 5 техника мен 22 қызметкер аттанды, - делінген хабарламада.

Өрттің шығуына сымдардағы қысқа тұйықталу себеп болған. Салдарынан дүкенді түтін басқан.  Өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау оқшауланған.

Айта кетелік, жануарлар зардап шеккен жоқ.