Екібастұзда ер адам пәтерінен өлі күйде табылды
Құтқарушылар пәтерге балкон арқылы кірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, оқиға бүгін болған.
- 10 шілде күні сағат 20:04-те 112 пультіне пәтерден шірік иіс шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бөлімше инспекторы да оқиға орнына келген. Құтқарушылар учаскелік инспектор мен туыстарының қатысуымен екінші қабаттың балконына баспалдақ қою арқылы пәтерге балконның ашық тұрған есігімен кіріп, сыртқы есікті іштен ашуға тура келді, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар мен туыстары пәтер бөлмелерінің бірінен тіршілік белгісі жоқ еткен ер адамды тапқан.
Аталмыш оқиғаға қатысты полицейлер еш мәлімдеме жасамады.