Павлодар облысында көлікке оқ атқан адам іздестірілуде
Полиция күдіктілерді іздеуге кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығында жеке тұрғын үй секторында көше бойымен келе жатқан көліктен белгісіз бір адам бөтен көлікке оқ атқан сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде жарияланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
– Аталмыш факті солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Белгісіз адам пневматикалық қарудан автокөлікке оқ атқаны анықталды,– деді полицияда.
Полиция осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде.