Павлодарлық әртістер драма театрлардың республикалық фестивалiнде өнер көрсетеді

Павлодарлық әртістер драма театрлардың республикалық фестивалiнде өнер көрсетеді
Фото: Аймауытов театрынан

Айтулы шара бүгін Петропавл қаласында бастау алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының мәлімдеуінше, еліміздегі драма театрларының республикалық фестивалі 7 күнге жоспарланған.

- Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен іске асуда. Мәдени шара 9-15 қазан күндері аралығында Петропавл қаласында өтеді. Биылғы фестиваль мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына орай ұйымдастырылуда, - делінген хабарламада.

Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалiнің салтанатты ашылуына театр басшысы Арман Темірбек, театрдың көркімдік жетекшісі Әділет Ақанов, қоюшы-режиссер Жангелді Садықов және әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек қатысты.

Айта кетелік, театр труппасы фестивальге Ш.Құдайбердіұлының “Ұждан” спектаклімен қатысады.

Павлодардағы қазақ театрының өнерін петропавлдықтар 14 қазан күні 11:00-де тамашалай алады.

Еске сала кетейік, Павлодардағы қазақ театры Талдықорғанда өткен халықаралық фестивальде қос жүлдеге қол жеткізген болатын. Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I-Халықаралық театр фестиваліне де “Ұжданмен” қатысқан болатын.