Биыл Екібастұз маңындағы жаңа ферроқорытпа зауыты іске қосылады
Бұл – стратегиялық маңызды жобалардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Биыл Екібастұз маңындағы жаңа ферроқорытпа зауыты жұмысын бастайды. Бұл зауыттың ашылуы елімізге Қытайдан кейін ферроқорытпалардың ірі өндірушісі болуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі Асайын Байханов бизнес саласында жүргізілген жұмыстар туралы бейне-есепте.
Мұндай ауқымды жобалар 15,2 миллиард теңге берілген мемлекеттік қолдаудың арқасында іске асырылуда. Бұл кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, гранттар беруге және бизнес объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды салуға бағытталған. Сонымен қатар бұл қолдауға бір мыңнан астам кәсіпкер ие болды.
Облыстық бюджеттің мүмкіндіктері мен өңірдің одан әрі даму қарқыны инвестицияның өсуіне және жаңа бизнес нысандарының ашылуына тікелей байланысты. 2023 жылы өңірге 965 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 26% пайызға артық.
– Біз 2,1 триллион теңгеге 127 ірі өңірлік пулын қалыптастырдық, бұл 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін болады. 291 миллиард теңгеге 50 ірі жоба іске асырылды, – деді аймақ басшысы.
Мысалы, Екібастұз қаласында қуаттылығы ГРЭС-1-дің 500 МВт №1 энергия блогын қалпына келтіру бойынша ауқымды жоба іске асырылды. Сондай-ақ Павлодар ауданында еліміздегі ең ірі күркетауық етін өндіретін құс фабрикасын кеңейтудің үшінші кезеңі аяқталуда.
Айта кетерлігі, өңірдегі кәсіпкерлер саны 2600 субъектіге немесе 4,7% пайызға өсті.