Қазақстан ауыр атлетикадан үздіктер қатарына қайта оралды

Қазақстан ауыр атлетикадан үздіктер қатарына қайта оралды

Ұлттық құрама үздік үштікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz

Ауыр атлетикадан Манамада Бахрейнде өтіп жатқан Әлем чемпионаты спортшыларымыз үшін сәтті аяқталып, жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды, 9 жыл салып, 102 келіде Артем Антропов топ жарды.

Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте Әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.

92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесінде үздік үштікке енген мемлекеттер:

1. Солтүстік Корея - 9 алтын, 5 күміс, 2 қола

4. Қытай - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола

3. Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс

Бұған дейінгі Әлем чемпионатындағы көрсеткіштеріміз: 1993 жылдан бері еліміздің спортшылары Әлем чемпионатының 17 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлдесін иеленген атлетикадан үздіктер қатарына қайта оралды.