Павлодарлық гандболшылар Қазақстан чемпионы атанды

Павлодарлық гандболшылар Қазақстан чемпионы атанды
Фото: МБЖСМ №2

Бүгінде №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі гандбол бөліміне жаңа тәрбиеленушілерді қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы 2015 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында өткен гандболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық спортшылар бірінші орынды иеленді. Екінші орын Қарағанды қаласының командасына бұйырса, үшінші орынды Орал қаласының спортшылары еншіледі.

Бұл жеңіс – Павлодардағы гандбол мектебінің жүйелі жұмысы мен жас спортшылардың табанды дайындығының нәтижесі. Соңғы жылдары өңірдің гандболшылары республикалық деңгейдегі жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Павлодарлық командалар Қазақстан чемпионаттары мен ұлттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, өңірдегі гандболдың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеуде.

Бүгінде №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі гандбол бөліміне жаңа тәрбиеленушілерді қабылдауды жалғастыруда.

Спорт мектебіне 7–11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар шақырылады. Жаттығулар тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен Бұқар жырау көшесі, 9/2 мекенжайында өткізіледі. Оқушылар қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, өздерінің спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады.

Қабылдау мәселелері бойынша гандбол және үстел теннисі бөлімдерінің әдіскері Савина Маргаритаға 62-01-47 телефоны арқылы хабарласуға болады.