Алматыда Асайын Байхановтың қолдауымен жарық көрген кітаптардың тұсауы кесілді
Алматы қаласында қазақ руханиятының заңғар тұлғасы, ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған форум өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
VII Халықаралық Еуразия мәдениетін жақындастыру ауқымды форумына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысып, мерейтой иесіне құрмет көрсетті.
Алқалы жиынға Ертіс-Баян өңірінен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова бастаған делегация арнайы барды. Айгүл Қайыртасқызы мерейтой иесіне аймақ жұртшылығының ыстық ықыласы мен ақжарма лебізін жеткізді.
Мерейтой қарсаңында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен «Я знаю!» кітабы мен «Күнтізбе куәлігі» жарық көрген болатын. Форум барысында аталған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.