Павлодарлық күйші Италиядағы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық инструменталды дуэт Темірлан мен Ернат Open Italy 2023 беделді музыкалық байқауының гран-при жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» МКО солистері Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Италияға барып өнер көрсетті. Жыл сайын Песаро қаласында өтетін іс-шара 24 елден қатысушыларды жинады, олардың арасында қазақстандық дуэт үздік деп танылды.
Ернат Наурыз бен павлодарлық Темірлан Олжабаевты жеңістерімен ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтады.
- Мен Темірлан мен Ернатты жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жігіттердің қазақ музыкасын орындай отырып, халықаралық деңгейде жетістікке жеткені қуантады. Олардың өнері басқа талантты отандастарымызды шабыттандыратынына сенімдімін! – деді министр.
Қос өнерпаздың дуэті «Адай», «Көроғлы», «Әлқисса» күйлерін, О. Сүлейменовтің West шығармасын орындап, қазылар алқасы мен көрермендерді баурап алған.
Фото: ашық дереккөздерден