Павлодарда келушілерге кальян ұсынған дәмхана әкімшісі жазаланды

Павлодарда келушілерге кальян ұсынған дәмхана әкімшісі жазаланды
Фото: pixabay.com

Сондай-ақ келушілер де жазадан құтылмады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  белгіленбеген жерлерде кальян қолдану заңының бұзылуына жол бермеу үшін ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілген. 

– Бір тәулікте бес факті тоқтатылды. Мысалы, Ломов көшесіндегі дәмханада әкімші келушіге кальян ұсынған. Сол мекемеде төрт келуші кальян шекті. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады департаментте.

Полиция азаматтарға заңды сақтауға, тыйым салынған және денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланудан бас тартуға кеңес береді. Кальян шегуге тыйым салумен байланысты бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтер жалғасуда.