Ақсуда алимент бойынша борышкерлердің қарызы 250 миллион теңгеден асады

Ақсуда алимент бойынша борышкерлердің қарызы 250 миллион теңгеден асады

Шаһарда 2 мыңнан астам алимент төлеуге міндеттелген борышкерлер бар, деп хабарлайды @Pаvlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақсу қаласы әкімдігі мәлімдеді.

- Ақсу өңірінің аумағында сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті 2026 борышкер бар. Олардың басым бөлігі алимент төлеуден жалтарып, табыстарын жасырып жүргендер. Олардың алимент бойынша жалпы қарызы 250 миллион теңгеден асады, - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасымен уәкілетті органдардың іс-әрекеттерін қадағалау мен үйлестіруді жүзеге асыру нәтижесінде 15 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Осы ретте баласының алдындағы міндетін өтеуден жалтаратындарға жауапкершіліктің неғұрлым қатаң түрі бар екенін атап өткен жөн, - деп толықтырды әкімдік.

Облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 12 мамыр күні Ақсу өңірінің тұрғынына қатысты кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша үкім шығарылды.