Павлодарда сусыз қалған саяжайлардың мәселесі шешілуде

Павлодарда сусыз қалған саяжайлардың мәселесі шешілуде

Апат салдарынан "Энтузиаст" және "Металлург" саяжайында 5 мыңға жуық аумақ сусыз қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тұрғындар апат болған күннен бері, яғни 14 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін апат жойылмағанын атап өтті. Өсімдіктерді суару мүмкін емес, оларды отырғызу да кешіктірілуде. Осылай деп қала тұрғындары әлеуметтік желіде жазды.

Ал "Павлодар-Водоканал" ЖШС баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Энтузиаст" және "Металлург" бау-бақшаларында жазғы суару маусымына су құбырын дайындау жұмысы аяқталған.

- Осы бау – бақша шаруашылығының көптеген тұрғындарының былтырғы қарыздары әлі өтелмеген. Алайда, оған қарамастан  су қосу 19 мамырға жоспарланған. Екі саяжайдың кейбір тұрғындары жарты жылдық ақыны уақытылы төлейді. Өкінішке қарай, берешегі бар тұрғындардың кесірінен қарызы жоқтардың ішінде көбіне зейнеткерлер зардап шегуде, - делінген хабарламада. 

Серіктестік аталған аумақтағы дайындық және жөндеу жұмыстары өз есебінен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлық  тұрғындарды суды жазда уақтылы алу үшін ақыны да кешіктірмей төлеуге шақырды.