Ақтоғай ауданының білім бөлімі Аналар кеңесімен ынтымақтасатын болады
Ұқсас меморандумға Павлодар ауданында да қол қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мәлімдеуінше, ынтымақтастықтың негізгі қағидасы теңдік пен өзара қарым-қатынаста, тұрақты серіктестік қатынастарды қалыптастыруға және тараптардың өзара түсіністігіне жәрдемдесу болып келеді.
Меморандумға сәйкес екі тараптың өкілдері білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ольга Абельдинова және облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Бақытжамал Максилова:
- бірлескен жобалар, идеялар мен бастамаларды құрып, іске асырылатын ақпаратпен алмасу;
- ұйымдардың жарғысынан тыс емес бірлескен жобаларды, идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін штаттық қызметкерлерді, персоналды қосу;
- екі тараптың жұмыс жоспарына сәйкес бірлескен жобалар мен іс-шараларды өткізу;
- тақырыптық кездесулер, акциялар, форумдар, фестивальдар, конференциялар, жарыстар, байқаулар, семинарлар ұйымдастыру, біліктілікті арттыру курстарына және өзге де іс-шараларға қатысу;
- осы меморандум шеңберінен шықпайтын ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік материалдармен, жарияланымдармен және өзге де ақпаратпен алмасу;
- жобаларды, идеяларды іске асыру және оларды іске асыру үшін жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша бастамаларды техникалық қолдау және қарау;
- ақпараттық науқанды өткізу және оң имиджді өзара қалыптастыру;
- бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыру бойынша бірлескен цифрлық ресурстарды әзірлеуге уағдаласты.
Іс шара сонында аудан әкімінің орынбасары қонақтарға естелікке Ақтоғай ауданы туралы кітап сыйлады.
Одан бөлек «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова ауданда өткен «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» танымдық шарасына қатысты.
Ауданның бас имамы Ахметолла қажы Жандарбекұлының ұйымдастыруымен өткен танымдық шараға облыстық, қалалық және аудандық аналар кеңесінің төрағалары, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері жиналды.
– Қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады, – дейді ұйымдастырушылар.
Қыздардың бойында имандылық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді дарытуға арналған аталмыш шараның тәрбиелік мәні зор болды. Шараға келген қонақтар өз тілектерін білдіріп, соңы әдемі әнмен аяқталды.