27 қазанда Павлодар облысында қар жауады

27 қазанда Павлодар облысында қар жауады
Фото: Константин Шелков

Көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. 

Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін барады. 

Ауа температурасы түнде 1-6 градус, күндіз 3-2  градус суық болады. 

Павлодар қаласында ауа райы бұлтты болады. Сынап бағанасы түнде 3-5, күндіз 0-2 градус көрсетеді.