Баянауылда кәсіби бокс турнирі өтті

Баянауылда кәсіби бокс турнирі өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Турнир «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара «Bayanauyl Arena» спорт кешенінде аудан прокуратурасының бастамасымен, RBL бокс лигасы, аудан әкімдігі және полиция бөлімінің қолдауымен өтті.

Турнир аясында Қазақстанның спорт шеберлері, Азия чемпиондары, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысқан 17 кәсіби жекпе-жек ұйымдастырылды.

– Шараның мақсаты – жастар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу, – деді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ турнир жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, патриотизм мен қоғам алдындағы жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.