Павлодар облысында есірткі сатпақ болған жігіт ұсталды
Ауылдан келген жігіт есірткі заттарының қаптамашы курьері болып жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 31 жастағы ер адам ұсталды, ол есірткі затын жасырын қоймалар – қаптамалар арқылы сатуға тырысқан.
– Ер адамды ұстау барысында оқиға орнынан салмағы 23 граммнан асатын «Альфа-пирролидиновалерофенон» психотроптық заты және орауыш материалы бар 40 байлам табылды және тәркіленді. Ұсталған адам аталған есірткі затын Павлодар қаласының аумағында жасырын қоймаларды жабдықтау жолымен сатпақ болған, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі - есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мен жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау.
Ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Осы қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілікке тарту көзделген.