«Ертіс» Көкшетауда екінші сыңарымен ойнайды

«Ертіс» Көкшетауда екінші сыңарымен ойнайды
Фото: «Оқжетпес» ФК

Көкшетауда Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында жергілікті «Окжетпес» пен павлодарлық «Ертіс» кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Турнирлік кестеде павлодарлықтар алтыншы орналасса, көкшетаулықтар төртінші сатыда тұр. Матчтың басты интригасы — «Окжетпес» сапында өткен маусымда «Ертісте» өнер көрсеткен бірнеше футболшының болуы. Сонымен қатар, көкшеліктер құрамында павлодарлық Владимир Воменко мен Михаил Голубничий бар.

Бас бапкер Ринат Әлеуетовтың да бұл ойынға ерекше көзқарасы болуы мүмкін. Ол былтыр «Ертісті» Премьер-лигаға шығарған еді, алайда 2025 жылдың соңында клубпен күтпеген жерден қош айтысты.

«Окжетпес» бұл маусымда жақсы әсер қалдыруда және құрамы да сапалы жасақталған. Шабуылда Оралхан Өміртаев көзге түссе, жартылай қорғауда Дмитрий Бородин белсенді, ал қақпада Мирослав Лобанцев сенімді ойын көрсетіп келеді. Павлодарлықтарға бұл кездесуде оңай болмайтыны анық.

Ойын 12 сәуір күні өтеді. Басталуы — 14:00. Тікелей эфирді KFF League ресми YouTube-арнасынан көруге болады.