«Ақсу» қарсыласының екінші құрамынан ұтылды
Павлодарлық футбол клубы сырт алаңда Қазақстан Кубогінің 1/8 финалында «Тобылға» қарсы ойнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Тобыл» жабық манежінің алаңына екінші құрамын шығарды. «Ақсу» да құрамын біраз жаңартты: шабуылда Андрей Соловей, қақпада Игорь Трофимец шықты. Жас павлодарлық Тамерлан Ағымановқа осы жолы орын табылды.
«Ақсу» шабуылға ие артуға тырысқанымен, «Тобыл» футболшылары қонақтар әрекеттеріне голдармен жауап беріп тұрды. Бірінші тайм ортасында бұрыштан көтерілген допты Милан Вукадинович баспен қақпаға дәл қадады. Екінші таймда Игорь Сергеев дәл осындай соққымен есепті еселеген, алайда оның голы белгісіз себептермен есепке алынбады.
Матч соңына қарай «Ақсу» бар күшімен есепті теңестіруге шыққан. Қостанайлықтар мұндай абайсыздық үшін павлодарлықтарды тағы жазалады. Осы сәтте Чиди Осучукву мен Руслан Есімовтің сылбырлығын түсіну қиын. Қақпашымен бетпе-бет шығып бара жатқан Иван Рогачты тоқтатудың орнына екеуі Ұлар Жақсыбаевтың қарсыласпен жанұшырған допқа күресін сырттан бақылап тұрды. Нәтижесінде есеп 2:0 болды.
Келесі матчты «Ақсу» чемпионатта өткізеді. 23 сәуірде команда Атырауға аттанады. Ал 30 сәуірде «Ақсу» мен «Тобылдың» Кубоктегі таласы жалғасады.
Фото: «Тобыл» ФК