«Ертіс» Қазақстан Кубогіндегі жарысты жеңістен бастады
Соңғы рет команда ресми матчта 2019 жылы жеңіске жеткен еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сергей Якушин шәкірттері «Хан Тәңіріне» қарсы кездесуді келесідей құрамда бастады: Баязит, Төлеуов, Баркунов, Қанат, Воменко, Асайынов, Попов, Ысқақов, Әбдуәлиев, Байжанов, Есімов. Кездесу тартысты өтті. Теңдей дәрежедегі матчтың соңында «Ертіс» ардагері Артем Попов айып соққысын шебер орындап жеңіс голын соқты.
Келесі кездесуді «Ертіс» 14 наурызда көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткізеді. «А» тобында аталған командалардан өзге алматылық «AKAS» ойнайды. Топ жеңімпаздары 1/8 финалдық орындар үшін тартысады.
Ертең 12 наурызда «Екібастұз» «С» тобында Кубок үшін жарысқа түседі. Ол 13.00 сағатта «Таразбен» ойнайды. Көрсетілімді Q Football/Q Arena телеарнасы немесе QFL.KZ сайтыннан көруге болады.