Концлагерьде туған павлодарлық зейнеткер балаларға не тіледі

Концлагерьде туған павлодарлық зейнеткер балаларға не тіледі
Фото: автор

Қаланың 500-ге жуық оқушысы, сондай-ақ белгілі азаматтар Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Батырларға тағзым» акциясы қаладағы 20 мектептің оқушыларының басын қосты. Митингке қатысушылар Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Балалармен сөйлескен Хеннигсдорф концлагерінің тұтқыны Инна Иванова еріксіз көзіне жас алды.

– Мен Берлиннен 18 шақырым жердегі концлагерьде дүниеге келдім, қалай аман қалғанымды білмеймін, –дейді Инна Иванова. – Бізді азат етіп, Белоруссия арқылы үйге алып кеткендегі бір ғана сәт есімде: солжақта бір кісі маған бір кесе сүт берді. Барлығына бейбітшілік пен денсаулық тілеймін.

Өз кезегінде Павлодар қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Темірбаева мектеп оқушыларына ата-баба ерліктерін есте сақтау және бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын еске салды.

– Біз бүгін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында жиналдық. Бұл – бейбіт аспан, жайнаған күн мен бақытты өмір мерекесі. Біз өткенді еске түсіріп қана қоймай, бейбіт өмір сүрудің қандай тамаша екенін түсінуіміз керек, – деп атап өтті Динара Темірбаева.

№7 мектептің 9-сынып оқушысы Абдулкарим Қабылов ата-бабасын мақтан тұтады. Оның екі атасы да майданда шайқасқан. Жас жігіт саналы түрде бұл акцияға қатысуға шешім қабылдады. Абдулкарим Қабылов өз атынан баршаға бейбіт аспан, бақ-береке тіледі.

«Сәлем» клубының жетекшісі Алтынай Бағзиқызының айтуынша, «Батырларға тағзым» акциясы алғаш рет өткізіліп отыр және алдағы уақытта дәстүрге айналады. Тағы бір топ мектеп оқушылары Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.