Ленин кентінде воркаут алаңы салынады
Құрылыс орны тұрғындардың келісімі негізінде анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповтың халықпен кезекті тұрақты кездесуі Ленин кентінде өтті.
Мұнда да, басқа ауылдардағыдай, бұқаралық спорт пен жастардың бос уақытын дамытуға көп көңіл бөлінді.
- Шілде айында Космонавтов көшесі, 22-тұрғын үйінің жанында жасөспірімдерге арналған воркаут алаң орнатылады. Осы уақытта №32 мектеп ауданында балалар алаңы пайда болады. Бұл құрылыстарды орнатуға қаражат бөлінді, орындар кент тұрғындарының келісімі бойынша анықталды, - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.
Сонымен қатар, Ержан Иманзайыповтың тапсырмасына сәйкес, наурыз айында кент әкімдігі, «ПРЭК» АҚ және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп әкімдіктің балансындағы электр желілеріне және трансформаторлық қосалқы станцияларға комиссиялық тексеру жүргізілді. Жөндеу жұмыстарынан кейін шілде айында электр желілері «ПРЭК» АҚ балансына берілетін болады.
Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарын абаттандыру мәселелері қызықтыруда. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бақылауда болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram