Екібастұзда балалар мен спорт алаңдарындағы жұмыстардың сапасы тексерілді

Қазіргі уақытта барлық балалар алаңдарында негіз дайындау жұмыстары аяқталған, олардың жартысында тартан жабыны төселіп, ойын элементтері орнатылып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Аян Бейсекин Instagram парақшасында мәлімдегендей, биыл, бұған дейін айтылғандай, облыс әкімінің қолдауы және қалалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 50 балалар ойын алаңы мен 11 стрит-воркаут және стритбол алаңын орнату жоспарланған.
– Қазіргі таңда 50 балалар ойын алаңының барлығында да негіз дайындау жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 25 алаңда тартан жабыны төселіп, шағын сәулеттік формаларды (ойын элементтерін) орнату жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 11 аулада стрит-воркаут және стритбол алаңдарына арналған қиыршық тас негізін дайындау және құрылымдық элементтерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде, – деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аян Бейсекин атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында бірқатар аулаларды аралады. Мердігер ұйымдарға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелді. Әкім жұмыстардың барысын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Қала әкімінің айтуынша, соңғы үш жылда Екібастұзда 170-ке жуық аула абаттандырылды. Биыл бұл жұмыс тағы 50 ауламен жалғасады. Қалған аулаларды абаттандыру алдағы 1–2 жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram