Павлодар мен Екібастұз арасында тегін такси жүр

Павлодар мен Екібастұз арасында тегін такси жүр

Бір күндік қайырымдылық акциясы қасиетті Рамазан айына арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Игілікті істі Lider logistic ұйымы қолға алған. Олар қасиетті ай кезінде адамдарға жақсылық жасап, көмектесуге тырысқан. Павлодар мен Екібастұз арасындағы тегін такси 20 сәуір күні ғана жүретін болады.

- Екібастұздан көбі ауруханаларға, кардиоорталық, онкоорталыққа емделуге келеді. Павлодардан Екібастұзға жұмыс бабымен баратындар көп. Instagram мен InDrive хабарлама бергенбіз, бірақ әзірше жолаушылар көп емес. Тіпті телефон шалып, тегін жүруді ұсынамыз, алайда халық сенбейді, - дейді Lider logistic өкілі Владимир Славнов.

Былтыр тасымалдаушылар Рамазан айында дәл осындай акция ұйымдастырды. Таксистердің қарамағында 30 шақты көлік бар.

Жолға шығамын деушілерді Павлодарда «Артур» СҮ автотұрағы (Малайсары батыр – Назарбаев) және Екібастұзда «Өнер» МӘ тұрағында күтеді.

Фото: ашық дереккөздерден