Павлодарлықтарды әлеуметтік қамсыздандыру цифрлық форматқа көшті

Павлодарлықтарды әлеуметтік қамсыздандыру цифрлық форматқа көшті
Фото: автор

Қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметтің сегіз түрін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көбінесе жақындарының қолдауынсыз қалған павлодарлық қариялар мекемеге көмек сұрайды, дейді орталық директорының міндетін атқарушы Мадина Төлеубаева. Әлеуметтік қызметкерлер егде жастағыларға дүкенге баруға, үй шаруасына көмектеседі, әлеуметтік мекемелерге жеткізіп салады.

– Жалғызбасты зейнеткерлерден бөлек, І және ІІ топтағы мүгедектерге, 1,5 пен 18 жас аралығындағы мүгедек балаларға, сондай-ақ 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруға шалдыққан азаматтарға көмек көрсетеміз. Біз мүгедектерді әзірленген жеке оңалту бағдарламасы (ЖЖБ) негізінде қабылдаймыз, - деп атап өтті Мадина Төлеубаева.

Орталық 119 адамға қызмет көрсетеді. Оларға мемлекеттік қызметтерді алуға, құжаттарға, ауруханаларға, алғашқы медициналық көмекке, гигиеналық қызметтерге өтініштер беруге көмектеседі.

Павлодар халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2008 жылдан бері жұмыс істейді, 2025 жылдан бастап цифрлық форматта көмек көрсетілуде. Мекеме Академик Шөкин, 29/1 мекенжайы бойынша орналасқан, телефондар: 8 7182 670993, 653482.