Павлодар облысында малды қараусыз қалдырған ер адам айыппұл төледі

Павлодар облысында малды қараусыз қалдырған ер адам айыппұл төледі
Фото: Константин Шелков

Иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, үш АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс ауданының полициясы күнделікті негізде қаңғыбас мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. 

Кеңес ауылының маңындағы «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» республикалық маңызы бар трассада иесінің қарауынсыз 20 бас ірі қара мал жүрген. Полицейлер мал иесін анықтап, Ертіс ауданы Кеңес ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. 

– Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мал иелері тиісті бақылау жүргізілмейді. Бұл автожолдардағы жол-көлік оқиғаларына және мал ұрлығына әкеліп соғады, – дейді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың себебі көбінесе жайылымда жайылып жүрген малдың қараусыз қалуы болып табылады.

Сондай-ақ, мұндай бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді.