Павлодар облысында шілде айында ауа райы қандай болмақ?

Павлодар облысында шілде айында ауа райы қандай болмақ?
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» филиалының хабарлауынша, бір айда орташа ауа температурасы + 19,8.. +22 °C шегінде күтіледі, бұл – нормаға жақын (норма: +20,1... + 21,7 °C). 

Шілде айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +7+12°С-тан +13..+18°С-қа дейін, күндіз +19..+24°С-тан +24..+29°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +17+22°С-қа дейін, күндіз +29+34°С-қа дейін жоғарылайды.  

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +14...+19°С дейін, күндіз +25..+30°С дейін болжанады. 

Бір ай ішінде аздаған жаңбыр, найзағай жиі күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Айдың соңында тұман, ал екінші онкүндіктің соңында бұршақ болуы мүмкін.