Павлодар облысында жаздың соңғы күні аздаған жаңбыр жауып, тұман түседі
Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 31 тамыз күні облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр күтіледі. Солтүстік және орталық бөлігінде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +11...+16°C болады, жауын-шашынсыз.
Павлодар қаласында түнде +3...+5°C. Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі.
Күндіз +14...+16°C. Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз.