Павлодарда ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары басталды

Павлодарда ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінде 35 балалар ойын алаңы жөнделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ бөліміне қарасты «Коммунсервис» мекемесі жөндеу жұмыстарын бастады. Оған 4 жұмыс тобы жұмылдырылған. 35 алаңда тартан жабыны қалпына келтіріліп, ойын құрылғылары ауыстырылып, құм әкелінді. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында жария етті.

– Тұрғындардың өтініші бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше ойын алаңдарын араладым. Оның бірі Ломов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан. Ол жерде жұмыс аяқталуға жақын,– деп атап өтті ол. 

Тұрғындар балалар ойын алаңдарын жөндеуге қатысты өтініштерді қала әкімінің Instagram әлеуметтік желідегі хабарламаларына жібере алады.

Сондай-ақ қала бойынша спорт алаңдарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оларға 30 адамнан тұратын 3 жұмыс тобы жұмылдырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.