Павлодарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жаңаша өтеді

Павлодарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жаңаша өтеді
Фото: Константин Шелков

Бұл жолы іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 15 қараша күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Тanda.enbek.kz» порталында бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Жәрмеңкенің онлайн өтуінің артықшылықтары:

• бір жерде көптеген жұмыс берушілерді кездестіру;

• жәрмеңкенің виртуалды стендтерінде жұмыс берушілер туралы көбірек білу, компаниялар туралы ақпарат, еңбек жағдайлары мен жеңілдіктер, ағымдағы бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері;

• Сізге ыңғайлы кезде түйіндемеңізді жұмыс берушілерге жіберу;

• нақты уақыт режимінде тікелей жұмыс берушіге сұрақ қою және бос орындар туралы көбірек білу үшін онлайн чатты пайдалану;

• сұхбатқа немесе бейне сұхбатқа шақыру алу.

Толық ақпаратты TANDA.ENBEK.KZ сайтынан алуға мүмкіндік бар немесе Ак.Бектұров көшесі, 115В мекенжайында орналасқан Павлодар қаласының мансап орталығына жүгінуіңізге болады.