Павлодарда ерекше баланы емдеуге арналған қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді

Павлодарда ерекше баланы емдеуге арналған қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Егор Кудрявцев алты жаста, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.тілшісі.

Баланың еміне қаражат жинау мақсатында 27 және 29 маусымда қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді. 27 маусымда сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Мәшһүр Жүсіп мешітінде (Қайырбаев көшесі, 107), 29 маусымда Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 1705/4 мекенжайында орналасқан «Sport-City» автотұрағында, «Құлагер» ипподромының жанында қайырымдылық шарасы, 12:00-17:00 аралығында жылдам мәнерлеп жүргізуден Павлодар облысы кубогы ұйымдастырылады.  

– Қала тұрғындары мен қонақтарын қайырымды іске атсалысуға шақырамыз. Жәрмеңкеде сатылымға түсетін барлық өнім мен заттардан түскен қаражат баланың ем-домына және оңалту шараларына толықтай аударылады, –дейді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңке үшін келесі үйден дайындалған тағамдар  – бауырсақ, чак-чак, бәліш, торт, кекс, самса, құймақ және т.б, тәттілер мен сусындар, балмұздақ, жемістер, палау, манты, кәуап, жаңа ойыншықтар, киімдер, шұлық, әшекейлер, хош иістер, сүлгілер, сабын, жуғыш заттар және сатуға жарамды өзге де бұйымдар тегін қабылданады.

Егорға «Атипиялық аутизм», мидың лейкоареозы, маңдай және төбе бөліктерінің глиозы, ми кистасы диагноздары қойылған. Ол сөйлемейді, қоршаған ортаны түсінбейді және қауіп сезімі жоқ.

Қаржылай көмек көрсетуге арналған реквизиттер: Kaspi (анасы – Катерина), +7 (747) 615 55 63, 4400 4302 2590 6962, Halyk bank (анасы – Катерина), +7 747 615 55 63,  4003 0351 1105 7324.

Жансая Мәлік