Павлодарда Республика күніне орай бірреттік әлеуметтік көмек кімдерге төленеді?

Павлодарда Республика күніне орай бірреттік әлеуметтік көмек кімдерге төленеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар қаласында 25 қазан — Республика күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәлімдеуінше,  әлеуметтік көмектің мөлшері мен оны көрсету тәртібі Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 200/1 қаулысымен бекітілген.

Мерекеге орай әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға төленеді:

–  18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға — 25 АЕК немесе 108 125 теңге;

–  I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға — 5 АЕК немесе 21 625 теңге.

Екі және одан да көп мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға 25 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмек балалардың санына қарамастан, бір отбасына бір рет төленеді.

– Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Төлем мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

Айта кетелік, мерекелік және атаулы күндерге орай берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері облыс бойынша бірыңғай тәртіпке сәйкес белгіленген.