Павлодарда сенбі күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда сенбі күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сауда-саттыққа үш ауданның тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңке 27 шілде күні Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары табиғи таза өнімдерді Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандарының тауар өндірушілерінен сатып ала алады.

Өтетін орны: Торговая көшесі, 2А құрылысы.

Еске сала кетейік, осындай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл» базарында, сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.