Павлодарда жаңа ипподромда стритбол және EA SPORTS FC 26 турнирлері өтеді

Павлодарда жаңа ипподромда стритбол және EA SPORTS FC 26 турнирлері өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ипподром биыл маусым айында ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5 қыркүйек күні жаңа «Ertis Pavlodar» ипподромында LOWKZ MEET автокөлік фестивалі аясында стритбол 3×3 және EA SPORTS FC 26 турнирлері өтеді.

Ипподром биыл маусым айында ашылды. Жаңа спорт кешенінде бұған дейін республикалық ат жарыстары өтіп, нысан Павлодардағы ірі спорттық іс-шараларға арналған жаңа алаңдардың біріне айналды.

Турнирлердің жалпы жүлде қоры — 500 000 теңге.

Қатысу бойынша: +7 702 999 7013, EA SPORTS FC 26: +7 771 644 70 37