Балғын футболшылар павлодарлық соғыс ардагерін еске алды

Балғын футболшылар павлодарлық соғыс ардагерін еске алды
Фото: Серік Матаев

Жарыс сегіз команданың басын қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2014 жылы туған балалар арасындағы турнир Ұлы Отан соғысының ардагері Қабылда Әкімжановты еске алуға арналды. Жарыстың бас төрешісі Серік Матаевтың айтуынша, балалар жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Павлодар футбол клубтарының шәкірттерін екі топқа бөлді. «А» тобына болашақ финалистер еніп, бұл квартет ерекше тартысты матчтармен ерекшелінді. Мысалы, бұл топтың ең осал командасы «De Sport» нәтижесінде тәуір нәтиже көрсетіп, бесінші орынды иемденді.

«В» тобынан «Number One» мен «Павлодар» шығып, олар жартылай финалда, сәйкесінше, «Форвард 1» және «Pavlodar» кездесті. Қос «Павлодар» арасында есімдері латын әріптерімен жазылғандар пенальти арқылы мықтылығын дәлелдеді. Ал «Форвард 1» командасы «Number One» ұжымын 7:2 есебімен ұтты. Соңғылары үшінші орын үшін тартыста «Павлодарды» ұтты.

«А» тобындағы ескі қарсыластар – «Форвард 1» және «Pavlodar» финалда ұшырасты. Бір қызығы, топтағы кездесу 3:3 есебімен аяқталған еді. Бірақ ақтық матчта «фовардтар» 4:2 есебімен басымдық таныта білді. Турнирдің үздік ойыншысы Ерхан Сәрсекеев атанды.