Павлодарда мәнерлеп сырғанау бойынша республикалық турнир өтеді
Оған 150-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
29-30 наурыз аралығында «Астана» мұз сарайында облыстық мәнерлеп сырғанау федерациясының ұйымдастыруымен «Spring Ice» атты мәнерлеп сырғанау бойынша республикалық турнир болады. Оған Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Қостанай қалаларынан төрт жастағы балалардан бастап спорт шеберінің кандидаты санатында өнер көрсететіндерге дейін 144 конькиші келіп қатысады.
Денис Тен атындағы академияның, Элизабет Тұрсынбаева атындағы академияның және басқа да спорт мектептерінің тәрбиеленушілері Павлодар облысының басты мұз аренасында екі күн бойы өздерінің спорттық шеберліктерін көрсететін болады.
Турнир 29 наурызда 10:45-те ашылады.