Павлодарда жолдарды асфальттау қалай жүріп жатыр

Павлодарда жолдарды асфальттау қалай жүріп жатыр

Биыл облыс орталығында 52 көшенің жолын жөндеу жоспарланған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Асайын Байханов сенбі күні Павлодар қаласындағы жолдардың жөнделуін тексерді. Атқарылған жұмыс сапасы туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Жолдарды сапалы асфальттау біздің жұмысымыздың басты міндеті болып табылады. Сенбі күні жұмыс сапары кезінде мен Орловская көшесіндегі асфальттау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексерген болатынмын. Бүгінгі таңда 55 көшенің 32-сінде жұмыстар аяқталды. Мердігерлер мен жергілікті билік өкілдерінің жұмысында бірінші кезекте сапа болуы керек екенін әрдайым атап өтемін, - деп жазды облыс әкімі.

Асайын Байханов тексеріс кезінде асфальт төсемінің шеті жоқ екенін байқап, осыған сәйкес пайда болған ақауларды уақытында жоюды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)