Павлодарда тұрғындардың өтініші бойынша аула абаттандырылады

Павлодарда тұрғындардың өтініші бойынша аула абаттандырылады
Фото: Константин Шелков

Қала әкімі Хасар Хабылбеков Бұқар жырау көшесі, №6 үй тұрғындарымен кездесіп, аула аумағын абаттандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында тұрғындар балалар ойын алаңын орнату және автотұрақ аумағын кеңейту мәселесін көтерді. Шаһар басшысы аталған аулаға балалар ойын алаңын орнату жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, жауапты қала қызметтеріне автотұрақты кеңейту мүмкіндігін қарастыру үшін аула аумағына тексеру жүргізу тапсырылды.

– Аула инфрақұрылымын жаңарту – көптен бері өзекті болып келе жатқан мәселе. Балаларға арналған қауіпсіз ойын кеңістігі мен көлік қою орындарының жеткілікті болуы қолайлы өмір сүруімізге оң әсер етеді, – деді тұрғындар.

Жұмыстар басталғанға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінің қатысуымен қосымша кездесу өткізіліп, алдағы абаттандыру жоспары тұрғындармен бірге талқыланатын болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)