Pavlodar Open: Павлодарда паратаэквондо спорты бойынша турнир өтті

Pavlodar Open: Павлодарда паратаэквондо спорты бойынша турнир өтті
Фото: Константин Шелков

Ашық турнирде балалар, кадеттер мен жасөспірімдер сынға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы білім басқармасының мәліметінше,  10-13 қаңтар аралығында «Таеквондо Ким Сонг Су» мектебінде балалар, кадеттер мен жасөспірімдер арасында паратаеквандо WT бойынша «Pavlodar Open» XXI Республикалық турнирі ұйымдастырылды. 

Аталмыш жарыста Ресей, Қазақстан, Моңғолия сынды елдерінен келген 800-ден астам спортшы бақ сынады. 

– Жарыс – барлық қатысушылар үшін нағыз мереке. Жанкүйерлер үшін ұмытылмас сәттер және әр спортшы үшін ұзақ уақыт бірге болатын  өміріндегі ұмытылмас маңызды оқиға, – дейді басқармада.

Павлодар өңірінің намысын қорғап барған Руслан Есқалиев 58 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.