Павлодарда құстарға қамқор мектеп аталды

Павлодарда құстарға қамқор мектеп аталды
Фото: pixabay.com

«Құс қанатындағы арман» қалалық экологиялық акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Іс-шараны Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы ұйымдастырды. 

Акция шарттары бойынша қорытындылау кезінде қатысушылардың саны, ұсынылған материалдың тақырыпқа сәйкестігі, олардың саны, әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде жариялануы ескерілді, – дейді орталық бөлімінің меңгерушісі Наталья Губарь.

Акция қорытындысы бойынша тоғыз білім беру ұйымы үздік деп танылды. Мектептер арасында І орынды А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары иеленді.

– Акцияға 1-7-сыныптардың 800-ден астам оқушысы қатысты, акция кезеңінде біз мектеп аумағында, тұрғын үйлердің аулаларында құстар қоректенетін арнайы орындар жасап, іліп қойдық, құстарды күнделікті қоректендіріп отырдық, – дейді А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің биология пәні мұғалімі Виктория Бедринец.

Сондай-ақ «Вдохновение крыльями» атты фотокөрмесін, «Біздің өлкеміздің құстары» викторинасын, «Сделай птичку - накорми синичку» құстарға қоректенетін арнайы орындар жасау бойынша шеберлік сағаттары өткізілген. Әлеуметтік желіде «Қыста құстарды тамақтандыр» үгіт-насихат ролигін жариялаған. Қоректендіру кезінде шымшықтар, торғайлар ұшып келген. 

«Вдохновение крыльями» атты фотокөрмесін, «Біздің өлкеміздің құстары» викторинасын, «Сделай птичку - накорми синичку» құстарға қоректенетін арнайы орындар жасау бойынша шеберлік сағаттарын өткізген. 

II орынды № 33 ЖОМ оқушылары, М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының, экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері, III орынды № 27, 18, 32 мектептердің оқушылары иеленді.

Ең кішкентай қатысушылар арасында I орынды № 53 балабақша тәрбиеленушілері, II орынды № 7 ЖОМ мектепалды даярлық сыныбында білім алушылар алды.

Акция барысында қатысушылар 500-ден астам құс астауын дайындаған. 

Естеріңізге сала кетейік, акция 2024 жылғы 20 қарашадан бастап 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін қатысушыларды табиғатты қорғауға, қыстап қалатын құстар   санын сақтау мақсатында өткізілді.