Успен ауданында бастауыш сынып оқушылары математикадан жарысты
Үздік қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық білім бөлімінің мәлімдеуінше, 2-4 сынып оқушылары арасында математикалық турнирдің аудандық кезеңі өткізілді. Айтулы додаға 8 мектептен 26 оқушы қатысты.
Орыс сыныптары арасында өткен турнирдің қорытындысы бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары Иван Семенченко бірінші орынды, ал Таисия Семенченко үшінші орынды иеленді. Екінші орын жүлдесі М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ оқушысы Темірлан Бараисовке бүйырды.
Ал қазақ сыныптары арасында бірінші орынды Қаратай ЖОББМ оқушысы Біләл Еркінжан және екінші орынды аталмыш мектептің оқушысы Бақжан Арыстанбек жеңіп алды. Үшінші орынды Абай атындағы ЖОББМ оқушылары Амирхан Қайкенов, Іңкәр Сәпш, Алихан Асқаров және Қаратай мектебінің оқушысы Ахмет Темірболат иеленді.
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар:
- Қаратай ЖОББМ оқушылары Біләл Еркінжан, Бақжан Арыстанбек;
- Абай атындағы ЖОББМ оқушысы Әмірхан Қайкенов;
- А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ оқушылары Иван Семенченко, Таисия Семенченко;
- М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ оқушысы Темірлан Бараисов.