«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Наурыз мерекесінде бір сағатқа электр қуатын өшірді

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Наурыз мерекесінде бір сағатқа электр қуатын өшірді
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Осылайша ұйым экологиялық акцияға қолдау көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

22 наурызда «Жер сағаты» халықаралық акциясы өтті. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері өздері қызмет көрсететін үйлердің жарықтарын өшіріп, экологиялық қозғалысқа қолдау көрсеткен.

– Бұл акция климаттың өзгеруіне, жарықпен ластануына және басқа да экологиялық мәселелерге қызығушылықты ояту үшін барлығын бір сағатқа жарықты өшіруге шақырады. Бұл қозғалыстың мақсаты – бүкіл әлем қауымдастығының біздің планетамыздағы климаттың өзгеруі проблемасына назарын аудару, экологиялық мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимыл қажеттілігі идеясына қолдау көрсету, - деп жазды компания өз Instagram парақшасында.

«Жер сағаты» әдетте наурыз айының соңғы сенбісінде өткізіледі, бірақ ұйым бұл күнді Наурыз мейрамына орайластыруды ұйғарды.