Павлодарлықтарға 24 наурызда терезе ашпауға кеңес берілді

Павлодарлықтарға 24 наурызда терезе ашпауға кеңес берілді
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша қызыл деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 118 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы қызыл рейтингке қосқан жоғары көрсеткіші.

– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейге сәйкес, аталған концентария бір текше метрге 2,7 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.

«IQAir» 24 наурызда ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуды, терезелерді жабық ұстауды, ауа тазартқыштарды пайдалануды және далада бетперде тағуды ұсынады.

19:00-ге қарай ауа сапасы жақсарады. 

Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).