Павлодарлық боксшылар Астананы бағындырды

Павлодарлық боксшылар Астананы бағындырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спортшылардың қоржыны он медальмен толықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Ұлдар арасындағы үш күндік ашық республикалық бокс турнирі еліміздің түкпір-түкпірінен екі жүзден астам спортшыны жинады. 

Павлодар қаласынан аталған жарыста «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының командасы – 8-9, 12-13, 16 жастағы он жасөспірім қатысты. Балалар тоғыз алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Нариман Қайыр – чемпиондар арасындағы ең жасы, оның соққылары дәл болды. Мәди Мұхаметқали – рингте жеңіл қозғалады, қарсыласын тырп еткізбейді. Әбілмансұр Берік пен Айсұлтан Камал –  өте табанды мақсат қоя білетін спортшылар. Әлихан Жанболатов – қашықтық пен дәлдіктің шебері. Ерболат Дарханның күші мен тактикасы тәжірибелі жаттықтырушыларды таң қалдырды. Нұртай Ерсай, Әли Құрбанов, Ерасыл Қабылбек рингке бірінші рет шықпағандай нағыз  тәжірибелі спортшылар тәрізді күресті, – дейді бапкер Ертай Жәменкенов. 

Ол балалардың болашағы зор екенін және өзінің әрбір спортшысын мақтан тұтатынын жеткізді.  

Фото: «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығы ұсынды