Павлодарлық еріктілер көмек сұрауда
Олар жаралы, қаңғыбас жануарларды емдеуге қаражат жинап жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Сердца Павлодара» қоғамдық қорының еріктілері мейірімді тұрғындарға өтінішпен жүгінді.
– 30 қараша- Дүниежүзілік үй жануарлары күні. Бұл датаға орай біз қорғаусыз қалған жануарларға көмектесу үшін қаражат жинау деген ойға келдік. Азық-түлік, инсулин шприцтері және т.б. сатып алу үшін ақша қажет. Жомарт адамдарды қайырымды іске қосылуға шақырамыз. Біз кез келген қолдауға қуаныштымыз, – деп жазды еріктілер Instagram парақшасында.
Қаражат жинау 30 қарашаға дейін жалғасады. Kaspi: 8 (705) 659-28-59 (Адина К.)