Павлодарда бірқатар автобус бақылау қосымшаларында жоқ болып кетті

Павлодарда бірқатар автобус бақылау қосымшаларында жоқ болып кетті
Фото: Константин Шелков

«№1 автобус паркі» ЖШС тасымалдаушының қозғалыс бағыттарын қайтадан енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде тұрғындар кейбір қоғамдық көліктің қозғалыс бағыттарын бақылай алмайтынына қатысты шағымдар жазған. 

– Картада және тізімде № 66, 21, 22 автобустар жоқ. Олардың қозғалысын қосымшасыз қалай білеміз? – деп жазды желі қолданушылар. 

Павлодар қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінде осыған байланысты жауап берді. 

– Қазіргі уақытта «№1 автобус паркі» ЖШС тасымалдаушының қозғалыс бағыттарын «2 GIS» қосымшасында көрсету бойынша жұмыс жасалуда. Қалған бағыттар № 1, 1э, 2, 9, 18, 27, 003, 3, 115, 126, 152, 14, 153 «2 GIS» қосымшасында көрсетіледі, – деді бөлімде.

Еске сала кетейік, барлық автотасымалдаушылардың автобус бағыттарының қозғалысын «Avtobys» және «2 GIS»  қосымшасы арқылы нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Қосымшада үлкен және кіші санаттағы көлік бағыттары көрсетіледі.