Павлодарлық спортшы декреттік демалыстан кейін чемпионат жүлдегері атанды

Павлодарлық спортшы декреттік демалыстан кейін чемпионат жүлдегері атанды
Фото: Павлодар қаласы биатлон бөлімшесі

Бүгінде спортшы екі бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы биатлон бөлімшесінің мәліметінше, екі баланың анасы Дарья Климина биатлоннан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 

– Спортшы - бүгінгі таңда осы спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бұл – Дарья Климинаның декреттік демалыстан кейінгі алғашқы жарысы, – дейді биатлон бөлімшесінде.

Дарья Климина – мансап жолын 2009 жылы әлем чемпионатынан бастаған. Кейін бірнеше мәрте әлем кубогы жарыстарына қатысқан. 2014 жылы Сочи қаласында өткен олимпиадалық ойындардың қатысушысы.

Еске сала кетейік, биатлоннан өткен ел біріншілігінде облыс намысын 6-9- сыныптардың оқушыларынан тұратын 40 жас спортшы қорғап, қоржынға 25 медаль  салды.