Павлодардың бала волейболшылары кенді өлкеден жүлделі оралды
Қыздарды Ирина Белова жаттықтырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы волейбол бойынша ұлттық чемпионат үш қалада өтті. 18 командадан тұратын ең жас топ Жезқазғанда ойнады. 2013-2014 жылдары туған қыздар Ұлытау облысында бақ сынасты.
Ақтөбе облысының волейболшылары бірінші орынды иеленсе, Түркістан облысының қыздары екінші орын алды. Павлодар командасы үшінші орынды иеленіп, Қазақстан чемпионатының қола медальдарын жеңіп алды.
Қыздар Павлодардағы №2 ОРМБЖМ спорт мектебінің түлектері. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш спорт мектебінің тағы бір түлегі Дарья Мозговая осыған дейін Бахрейндегі ІІІ Азия жасөспірімдер ойындарында бақ сынаған болатын. Гандболдан ұлттық құрама сапында ол Азия ойындарының қола медальдарые мойнына тақты.